«Шағала» балалар сауықтыру лагерінде Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Біз және қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында квест өткізілді.
Іс-шараға 4 команда қатысып, қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік және логикалық тапсырмалар бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар белсенділік танытып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Квест қорытындысы бойынша барлық командалар диплом,сыйлықтармен марапатталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






