Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

    Тамыз айының алғашқы жексенбісі еліміздің өндірісі мен әлеуметтік тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп отырған теміржол саласы қызметкерлерінің ортақ мерекесі.
    Кәсіби мерекеге орай 4 тамыз күні аудандық әкімдік ғимаратында теміржол көлігі қызметкерлерінің мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты іс-шараға теміржол саласының ардагерлері, қазіргі таңда аудан аймағындағы станциялар мен бөлімшелерде аянбай тер төгіп жүрген мамандар, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері мен жұртшылық қатысты.
    Салтанатты шараның ресми бөлімінде құттықтау сөз сөйлеген Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаев өз сөзінде теміржолшылар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған өлшеусіз үлесіне ерекше тоқталды.
    Теміржол саласының дамуына қосып жүрген елеулі үлесі, адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі үшін сала үздіктеріне аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары