Елордалық жастар Абай күніне орай тағылымды видеочеллендж бастады

    Астана қаласының «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы Абай күніне орай Instagram әлеуметтік желісінде #АбайМұрасы атты республикалық видеочеллендж бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Аталған челлендж ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын дәріптеу, жастардың рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру және ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Видеочеллендж еліміздің барлық өңіріндегі жастар ресурстық орталықтарына жолданды.

    Қазіргі уақытта бастама Алматы, Шымкент, Павлодар және Талдықорған қалаларының, сондай-ақ Жетісу облысының жастар ресурстық орталықтары тарапынан қолдау тауып, республиканың өзге де өңірлеріне кеңінен таралып жатыр.

    #АбайКүні #AbaiDay

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары