Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша кеңес өтті

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша кеңес өтті

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жұмағалидың төрағалығымен «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша кеңес өтті.

    Іс-шараға Бас прокуратураның, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, облыс прокуратураларының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

    Кеңес барысында қоғамда заң үстемдігін нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық санасын арттыру және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері талқыланды. Өз сөзінде Асхат Жұмағали «Заң мен Тәртіп» қағидатының мемлекеттік міндетпен қатар қоғамдық сұранысқа айналып келе жатқанын атап өтті.

    Кездесу қорытындысы бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары