
Шымкент станциясындағы Көліктегі полиция басқармасында «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу мәселелері бойынша жедел кеңес өтті.
Кеңеске Көліктегі полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ф. Елубаев, басқарма орынбасарлары, қызмет басшылары және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралып, есірткі қылмысының алдын алу және оның жолын кесу бағытындағы міндеттер талқыланды.
Өз сөзінде полиция полковнигі Ф. Елубаев ҚР ІІМ мен Көліктегі ПД-нің «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасын сапалы әрі тиімді өткізу жөніндегі тапсырмаларын бұлжытпай орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға тиісті баға беріліп, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.









