АУДАН ӘКІМІ АҚАДЫР КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

    АУДАН ӘКІМІ АҚАДЫР КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

    Ақадыр кентінде жоспардан тыс кездесу өтіп, оған кенттің ақсақалдар алқасы, қоғамдастық кеңесі, кент активі мен жергілікті тұрғындар қатысты.
    Жиын барысында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Шет ауданының прокуроры лауазымына тағайындалған Дархан Берікұлы Бөлекбаев Ақадыр кентінің жұртшылығына ресми түрде таныстырылды.
    Алқалы жиында Ақадыр кенті қоғамдастығының төрағасы Нұрлан Ахмедияұлы Сейтов, Нақып ақсақал және жаңадан тағайындалған аудан прокуроры Дархан Берікұлы сөз сөйлеп, өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.
    Жиын соңында аудан әкімі М.Мұхтаров Ақадыр кентінің тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдады. Көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары