«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мақсатында семинар өткізілді

    «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мақсатында семинар өткізілді

    «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының жаңадан қолданысқа енгізілген Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған семинар өткізілді.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Қ.Жұмағұлов қатысып, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп қағидаттарын басшылыққа алу және қоғамда заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі екендігі ерекше атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары