03-07 тамыз аралығында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

    03-07 тамыз аралығында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

    2026 жылғы 03–07 тамыз аралығында «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ мамандары мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    04–07 тамыз аралығында Алакөл ауданында Қазақстан Республикасында экстремизмге және терроризмге қарсы мемлекеттік жүйені дамытудың кешенді жоспары және дін саласы бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

    Іс-шараларға арнайы шақырылған исламтанушы, PhD докторы, доцент, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Құрманбаев Қайрат қатысып, кездесулер барысында қоғамдағы діни ахуал, деструктивті діни ағымдардың идеологиясы мен олардың алдын алу тетіктері, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, интернет кеңістігіндегі діни ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу және азаматтардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы дін істері басқармасы" жаңалықтары