Мінез-құлыққа байланысты қауіп факторлары – созылмалы аурулардың алдын алудың негізі

    Мінез-құлыққа байланысты қауіп факторлары – созылмалы аурулардың алдын алудың негізі

    Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті созылмалы инфекциялық емес аурулардың басым бөлігінің алдын алуға болатынын еске салады. Ол үшін ең алдымен салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерден бас тарту қажет.

    Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, қатерлі ісіктер мен тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары елімізде ғана емес, бүкіл әлемде мезгілсіз өлім мен еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне әкелетін негізгі себептердің бірі болып отыр. Бұл аурулардың дамуына көбіне дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің жеткіліксіздігі, темекі және никотин өнімдерін, оның ішінде электрондық темекі мен вейптерді пайдалану, сондай-ақ алкогольді шамадан тыс тұтыну әсер етеді.

    Теңгерімді тамақтану, күнделікті рационда көкөністер мен жемістердің үлесін арттыру, тұз бен қантты шамадан тыс пайдаланудан бас тарту, тұрақты дене белсенділігі, темекі мен алкогольден толықтай бас тарту – созылмалы аурулардың даму қаупін төмендетіп, денсаулықты нығайтудың тиімді жолдары.

    Сонымен қатар артериялық қан қысымын, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін жүйелі түрде бақылап, профилактикалық медициналық тексерулер мен скринингтік зерттеулерден уақытылы өту маңызды.

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру – созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы. Денсаулыққа бүгіннен бастап жауапкершілікпен қарау – ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің берік кепілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары