Қобда ауданында Абат-Байтақ кешеніне жол салынды

    Қобда ауданында Абат-Байтақ кешеніне жол салынды
    2026 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 78 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
    ⚜️ Қобда ауданында аймақ басшысы Асхат Шахаров жол инфрақұрылымы нысандарын аралады.
    🏛️ Негізгі жобалардың бірі – Абат-Байтақ тарихи-мәдени кешеніне апаратын кіреберіс автомобиль жолының салынуы.
    📍 Ұзындығы 12,5 шақырымды құрайтын жол өңірдегі маңызды тарихи ескерткіштердің бірі саналатын кесенеге қолайлы қатынауды қамтамасыз етеді.
    🚧 Сонымен қатар Қобда ауылындағы Махамбет Өтемісұлы көшесінде жол құрылысы жалғасуда. Жолдың ұзындығы – 679 метр. Мердігер ұйым – «Ербол-ЭЛЬ» ЖШС құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр.
    🔹 Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевтің айтуынша, ауданда «Самара–Шымкент – Бестау – Жарсай» автомобиль жолының 12,7 шақырымдық бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Егіндібұлақ және Көкүй ауылдарына кіреберіс жолдарды жөндеу, сондай-ақ Қобда ауылындағы Астана көшесін күрделі жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Бұл жобалардың жалпы құны 1,7 млрд теңгеден асады.
    📈 Қобда ауданындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 203,1 шақырым. 2026 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 78 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
    ⚜️ Салынып жатқан жол учаскесін қарап шыққан облыс әкімі мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысанды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс барысында барлық талаптар мен нормалардың қатаң сақталуына баса назар аударуды міндеттеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары