
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының басшылары мен мамандарының қатысуымен онлайн форматта семинар өткізілді.
Іс-шара Департаменттің 2026 жылдың III тоқсанына арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – халық арасында паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, сондай-ақ контагиозды гельминтоз ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету.
Семинар барысында 2026 жылдың алты айының қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы энтеробиозбен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайы қаралды. Қатысушыларға қалыптасқан ахуал, сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері және аурудың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Энтеробиоздың алдын алу бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге қатысты қолданыстағы талаптар мен нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар өндірістік бақылауды ұйымдастыру және белгіленген санитариялық талаптардың сақталуы мәселелері қарастырылды.
Іс-шара барысында аумақтық басқармалардың мамандарына энтеробиоздың алдын алуға қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, тәжірибе алмасу жүргізілді және қажетті эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі талқыланды.
Мұндай семинарларды өткізу санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға, профилактикалық жұмыстың сапасын жетілдіруге және халық арасында паразиттік аурулардың таралуына жол бермеуге бағытталған








