ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ: қарапайым ережелер — сенімді қорғаныс!

    ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ: қарапайым ережелер — сенімді қорғаныс!
    Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) асқазан-ішек жолдарын зақымдайды. Негізгі белгілері: іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі. Ауыр жағдайда ағзаның уыттануы мен сусыздануы мүмкін.
    Қалай қорғануға болады?
    🧼 Қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз — тамақтанар және тамақ дайындау алдында, дәретханадан кейін.
    🥩 Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз, жеке ас үй құралдарын пайдаланыңыз және тағамды толық термиялық өңдеуден өткізіңіз.
    ❄️ Өнімдерді сақтау мерзімі мен жағдайларын сақтаңыз. Қаптамасы бүлінген немесе жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді тұтынбаңыз.
    💧 Тек қауіпсіз ауызсу ішіңіз — қайнатылған немесе сапасына кепілдік берілген суды пайдаланыңыз.
    🍎 Көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуыңыз.
    🪰 Азық-түлікті жәндіктерден қорғаңыз.
    🥛 Сүт және сүт өнімдерін кездейсоқ сатушылардан сатып алмаңыз.
    🏊 Шомылуға тыйым салынған су айдындарында шомылмаңыз.
    Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетінше ем қабылдамаңыз!
    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ескертеді: ЖІИ-дің алдын алу — қарапайым гигиеналық және азық-түлік қауіпсіздігі ережелерін сақтаудан басталады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары