
Талдықорған қалалық мәслихатының №10 сайлау округі бойынша депутаты Алсу Габдракипова әлеуметтік маңызы бар тұрақты жолаушылар тасымалын автомобиль көлігімен жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың есептерін қарау, тарифтерді келісу және субсидиялар мөлшерін айқындау жөніндегі тарифтік комиссияның отырысына қатысты. Күн тәртібінде «Transtal», «Сайман» және «Талдықорған-Таксопарк» ЖШС-лерінің 2026 жылға арналған жолаушылар тасымалы тарифтерін қайта қарау және бекіту мәселелері қаралды.









