Қазақстан мен Латвия дипломатиялық диалогты жалғастыруда

    Қазақстан мен Латвия дипломатиялық диалогты жалғастыруда

    2026 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан, Рига қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңадан тағайындалған басшыларымен - Мемлекеттік хатшының орынбасары - Саяси директор Юрис Пойканс және Екіжақты қатынастар дирекциясының Бас директоры Каспарс Озолиньшпен кездесті.

    Кездесулер барысында Қазақстан мен Латвия арасындағы екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ стратегиялық диалогы аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Көлік және логистика, сауда-экономикалық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы нақты бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

    Тараптар Қазақстан-Латвия қатынастарына қосымша серпін беру мақсатында оның ішінде ресми және іскерлік делегациялар алмасу арқылы күш-жігерді жандандыруға уағдаласты .

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары