Талдыкорған қаласы мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Мәслихат (жергілікті өкілді орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттарының назарына!

    Ашу

    Талдықорған қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті

    Ашу

    Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Ахажан Жанболатұлы Еркін ауылдық округіндегі көшелерді аралап, сыртқы жарықтандырудың жай-күйімен танысты

    Ашу

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарымен танысу

    Ашу

    Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Темірболат Жанболатұлы Ахажан «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты ардагер әншілер байқауының гала-концертіне қатысты

    Ашу

    «Үздік аула» номинациясы бойынша комиссия құрамында Талдықорған қалалық мәслихатының №5 сайлау округі бойынша депутаты Владимир Қауысбеков бастаған топ қаладағы аулаларды аралау барысында