360° ФОРМАТТАҒЫ БЕЙНЕШОЛУДЫ ДҰРЫС ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

    Талдыкорған қаласы мәслихатының аппараты

    Тестілеу немесе конкурс кезеңдерін өткізу кезінде жұмыс орнының талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында 360° форматта бейнешолу жүргізіледі.

    360° форматтағы бейнешолу кезінде төмендегі талаптарды сақтау қажет:

    📌 Жұмыс орнының барлық аумағын толық көрсету:

    • бөлменің барлық қабырғалары мен бұрыштарын;
    • төбесі мен еденін;
    • жұмыс үстелінің үстіңгі, астыңғы және жанындағы кеңістігін;
    • мониторды, пернетақтаны және компьютер тінтуірін;
    • пайдаланылған жағдайда жүйелік блокты.

    ✅ Бейнешолу аяқталғаннан кейін смартфонды жұмыс орны толық көрінетіндей етіп орналастыру қажет.

    Смартфон камерасының көрінісінде:

    • кандидаттың қырынан көрінісі;
    • жұмыс орны мен монитор аймағы;
    • монитордың артындағы кеңістік толық көрінуі тиіс.

    ‼️ Маңызды!

    Тестілеу немесе конкурс кезеңі толық аяқталғанға дейін смартфонның орналасқан жерін өзгертуге болмайды.

    ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

    ❌ бөгде адамдардың тестілеу немесе конкурс өткізу процесіне қатысуына;

    ❌ қосымша бейнекамераларды пайдалануға және орналастыруға.

    Талаптарды сақтау тестілеу немесе конкурс кезеңін белгіленген тәртіппен өткізу үшін міндетті.

    Жүктеу
    Информация
    Информация
    PDF · 596 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқым...

    Өкім

    Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесін бекіту туралы

    Талдықорған қаласыҚоғамдық кеңесінің мүшесінбекіту туралы Қазақстан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені...

    Шешім

    «Талдықорған қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 169 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Талдықорған қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы»Талдықорған қалалық мәслихатының2018 жылғы 28 наурыздағы № 169шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан...

    Ереже

    "Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты" ММ-нің ережесі