Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша отырыс

    Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша отырыс

    Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейрханның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа әлеуметтік әріптестік тараптарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

    Отырыс барысында қатысушылар Астана қаласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары мен еңбек дауларының ағымдағы жай-күйін, жұмыс берушілердің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтер енгізу мәселесін, қызметкерлер еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жайын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жай-күйін қарастырды.

    Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігі, жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері және аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында 2024–2026 жылдарға арналған Қалалық келісімнің іске асырылу барысы туралы есептер тыңдалды. Сондай-ақ қатысушыларға «Астана қаласының кәсіподақтары» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі туралы таныстырылым ұсынылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын одан әрі нығайтуға және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар жауапты мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестік тараптарына жүктелді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" жаңалықтары