
Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері республикалық орталық штабының Атырау филиалында «Атқылама-2026» өңірлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Аталған шараға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен орынбасарлары қатысты. Жаттығу бағдарламасына сәйкес жабдықтарды тасымалдау, «ППП-200» ұнтақты қондырғысы көмегімен ұңғымадағы ашық фонтанды жою, «Согда» қорғаныш экраны арқылы су пердесін жасау жұмыстары жүзеге асырылды. Сондай-ақ «НГ-50» гидравликалық сүйреткішінің көмегімен фонтандаушы ұңғыманың аузына шығарындыға қарсы жабдық орнатылды.
Жиын қорытындысында бұл шараның жоғары деңгейде өткені аталып өтіліп, бірқатар мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынға «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС-нің Алғыс хаттары табысталды.









