
«Интернет кеңістігіндегі деструктивті діни ағымдардың зияны»
Іс-шараның мақсаты – жастар мен қала тұрғындарының интернет кеңістігіндегі деструктивті діни ағымдардың ықпалы туралы ақпараттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың интернет арқылы таралатын қауіптері түсіндіріліп, ақпараттық материалдар таратылды. Сонымен қатар, қауіпсіз интернетті пайдалану, күмәнді интернет-ресурстарды ажырата білу және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









