
Қарағанды облысының Балалар құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Балалар қауіпсіздігі мектебі» тақырыбында пилоттық жоба аясында танымдық іс-шара өткізілді.
Жобаның негізгі мақсаты 6–13 жас аралығындағы балалардың көшеде, үйде, мектепте, интернет желісінде, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде, сондай-ақ төтенше және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған кезде қауіпсіз мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйренді.








