2026 жылғы 7 тамызда Ұлытау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасарының төрағалығымен департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қызметкерлерге Ұлытау облысы Әділет департаментінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері, сондай-ақ әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларға жүргізілген талдау қорытындылары жеткізілді.
Іс-шара барысында талдау қорытындылары түсіндіріліп, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп пен мінез-құлық нормаларын сақтау талаптары, қызметтен тыс уақытта қызметтік әдеп нормаларын сақтау, әлеуметтік желілер мен онлайн-платформаларда өзін-өзі ұстау мәдениеті, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кеңес қорытындысы бойынша берілген ұсынымдарды орындауды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп талаптарын сақтау бағытындағы жұмысты одан әрі күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
2026 жылғы 7 тамызда Ұлытау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасарының төрағалығымен департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Ұқсас материалдар

«Алатау» театры XI маусымда ұлттық өнерді жаңа сахналық формалармен ұсынды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
«ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – КІШІГЕ МІНДЕТ»
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ
Ашу
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН САУДА НЫСАНДАРЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары

30.09.1026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
«Адалдық — ардың көркі: Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» Медициналық колледж студенттеріне арналған семинар өтті
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні!
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жаһандық инновациялық индексінде Орталық Азияда 1-орынға ие болды.
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
29.09.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаменті қызметкерлері арасында AdiletGov мобильдік қосымшасын насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу