
Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің жеке құрамымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатысып, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
https://www.instagram.com/reel/DXonULNjNpd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==









