2026 жылғы 7 тамызда Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8-шақырылымының кезектен тыс 71-сессиясы өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    2026 жылғы 7 тамызда Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8-шақырылымының кезектен тыс 71-сессиясы өтті.
    2026 жылғы 7 тамызда Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8-шақырылымының кезектен тыс 71-сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар бірқатар маңызды мәселелерді қарады. Атап айтқанда, «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-62/2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе талқыланды. Аталған мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б. Ахметова баяндама жасап, аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін нақтылау, қаражатты қайта бөлу және әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын қаржыландыру бойынша ұсыныстарды таныстырды. Сонымен қатар, депутаттар «Жарқайың ауданы бойынша тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) туралы» Ақмола облысы Жарқайың ауданы мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С-18/2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы мәселені қарап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруге байланысты тиісті шешім қабылдады. Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер депутаттардың қолдауына ие болып, тиісті шешімдер қабылданды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары