Бүгін, 2026 жылғы 6 тамызда Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Сессия жұмысына Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев, қала әкімінің орынбасарлары Алмат Исмағұлов, Мәжит Шөленов, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Қожуков, Қостанай қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Тапаев, мемлекеттік бөлімдердің, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

    Күн тәртібінде екі жоспарлы мәселе қаралды, оның біріншісі бойынша қала әкімі депутаттарға жүктелген функциялар мен өкілеттіктердің орындалуы және қаланың экономикалық және әлеуметтік даму қорытындылары туралы есеп берді.

    Мәселен, Қостанай қаласы Қостанай облысы дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша Қостанай облысында өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 52,8%-ын; негізгі капиталға салынған облыстық инвестиция көлемінің 44,8%-ын; пайдалануға берілген тұрғын үйдің 58,3%-ын; құрылыс-монтаж жұмыстарының 38,3%-ын; бөлшек тауар айналымының 71,9%-ын және көтерме тауар айналымының 79,6%-ын қамтамасыз етеді.

    Есепті қарау барысында біздің қаламыздың дамуының барлық негізгі көрсеткіштері: бюджет, инвестициялар, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, тұрғын үй құрылысы, көлік және қалалық инфрақұрылымды дамыту, көше жарықтандыру, жылу және сумен жабдықтау, санитарлық тазалау және абаттандыру, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және мәдениет қарастырылды.

    Екінші жоспарлы мәселе «Цифрлық трансформация нәтижелері туралы: цифрландыру мен жасанды интеллекттің оң және теріс жақтары. Киберқауіпсіздік.» бойынша «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің цифрландыру, ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Арлан Оразалиев баяндама жасады.

    Баяндама Қостанай қаласында қалалық тыныс-тіршіліктің әртүрлі салаларына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан кезең-кезеңдік жұмыстарды түсіндіруді қамтыды.

    Тұтастай алғанда, Қостанай қалалық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясының жоспарлы мәселелері жан-жақты қаралып, депутаттардың бірауыздан қабылданған шешімдерімен бекітілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары