Қостанай қалалық мәслихаты
Қостанай қалалық мәслихаты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала халқының ерік-жігерін білдіретін және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылайтын өкілді орган. Ағымдағы құрамда өткен шақырылымға қарағанда бір депутатқа артық.
Бұған дейін мәслихат құрамына 19 депутат болды, қазіргі уақытта 20 депутат. Бір мандатты сайлау округтері бойынша 20 депутаттың 14-і "AMANAT" партиясынан, 3-і "Ауыл" партиясынан, 2-і "Ақ Жол" ҚДП партиясынан және 1-і "Respublica" партиясынан. Жаңа шақырылған мәслихат құрамында 11 ер адам және 9 әйел бар. Ең жас депутат-29 жаста, ең үлкені-63 жаста. Депутаттардың орташа жасы-45 жас (алдыңғы шақырылымда – 49 жас).
Жиырма депутаттың алтауы алдыңғы шақырылымда жұмыс істеді. Депутатардың құрамы 70% өзгерді. Жалпы, жаңа құрам бұрынғыдан айтарлықтай ерекшеленеді. Әйелдер санының өсуінен басқа, қалалық мәслихатта бизнес өкілдерінің саны да айтарлықтай өсті. Егер бұрын 7 кәсіпкер болса, қазір 9. Қалалық мәслихат депутаттары өз функцияларын босатылған негізде орындайтын қалалық мәслихат төрағасын қоспағанда, өз функцияларын босатылмаған негізде орындайды. Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың орындалуы туралы есептерді бекітеді; жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыстың оның қарауына жатқызылған мәселелерін шешуді, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелерді жүзеге асырады.
Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 2 тұрақты комиссия құрылды:
-бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша,
-әлеуметтік мәселелер, отбасылық-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері бойынша байланыс.
Ең маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдардың, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың қатысуымен Жария тыңдаулар өткізіледі. Бұдан басқа, комиссиялар мәслихат шешімдерінің, қабылданған бағдарламалардың және мемлекеттік билік пен басқару органдарының басқа да актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрақты комиссиялар оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Депутаттар өз округтерінде халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат депутаттары сайлаушылармен тұрақты байланыста болуға, оларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы үнемі хабардар етуге міндетті. Депутаттар азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдайды. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау тәртібі және басқа да ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелер сессияда бекітілетін мәслихат регламентінде айқындалады.
Жаңалықтар
АшуБүгін, 2026 жылғы 9 қазанда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
2026 жылдың 7 қазанында Костенюк Надежданың төрайымдылығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама
АшуБүгін, 2026 жылғы 5 қазанда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы туралы хабарлама
АшуБүгін, 2026 жылғы 1 қазанда Арман Исмаиловтың төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Құжаттар
Қостанай қалалық мәслихаты кезетен тыс сесcиясында қабылданған шешімдер ТІЗІЛІМІ (сегізінші шақырылым) 2026 жылғы 9 қазан
№ 275 – Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы. № 276 – Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы. № 277 – Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы. № 278 – Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі Қостанай қалалық, округтік және шығып қалғандардың орынына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының ХАТТАМАСЫ (сегізінші шақырылым) 2026 жылғы 9 қазан
Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының ХАТТАМАСЫ (сегізінші шақырылым) Қостанай қаласы 2026 жылғы 9 қазан Төрағалық еткен:О.К. Байгабулов – Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы. Қатысқандар:Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары (тізімі қоса беріліп отыр). Күн тәртібі: Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы. Ақпарат: Аскаров Даурен Казизович – «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы. Ақпарат: Жумабеков Бахтияр салимжанович – «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі Қостанай қалалық, округтік және шығып қалғандардың орынына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы. Ақпарат: Айжана Эрбулановна Тлеугалеева – «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің басшысы. Дауыс берудің келесі регламенті белгіленді: Сессияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беруді ұйымдастыру мен дауыстарды есептеуді мәслихат төрағасы жүргізеді. Бірауыздан қабылданды. «Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. Дауыс беру сессия күн тәртібінің әр сұрағы бойынша жеке жүргізілді. (Шешімі қоса беріліп отыр). Мәслихаттың «Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды.(Шешімі қоса беріліп отыр). Мәслихаттың «Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды.(Шешімі қоса беріліп отыр). Мәслихаттың «Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі Қостанай қалалық, округтік және шығып қалғандардың орынына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды.(Шешімі қоса беріліп отыр). Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы (сегізінші шақырылымы) Қостанай қ. 2026 жылғы 9 қазан Депутаттар тізімі Байгабулов Омаргали Кабиевич Айтмагамбетова Тоты Абдибековна Аймуканов Аралбай Муратович Алпысов Арман Амиржанович Есмагамбетов Арман Бекмуратович Жабаева Меруерт Елшибековна Жумабаева Гульшат Тогузбаевна Исмаилов Арман Оразалиевич Костенюк Надежда Владимировна Султангабиев Кайрат Айтпаевич Тулетаев Ерлан Серикович Усенов Ержан Бауржанович Федяшин Михаил Павлович Юсупова Асия Жумабековна Қатыспағандар: Дандыбаева Гульфия Тулегеновна – демалыста Кудайкулова Гульвира Жазитовна – іссапарда (Лондон) Сандыбеков Багитбек Назарбекович Шипилкина Светлана Валерьевна – іссапарда (Минск) Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы (сегізінші шақырылымы) Қостанай қ. 2026 жылғы 9 қазан Шақырылғандар тізімі Мадияров Айдар Каттаубекович – «ALI Курылыс KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры. Мальцева Наталья Николаевна – Қостанай қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы. Нефёдова Мария Александровна – «Тазалык-2012» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры.
Қостанай қалалық мәслихаты кезетен тыс сесcиясында қабылданған шешімдер ТІЗІЛІМІ (сегізінші шақырылым) 2026 жылғы 5 қазан
№ 273 – Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы. № 274 – Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының ХАТТАМАСЫ (сегізінші шақырылым) 2026 жылғы 5 қазан
Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының ХАТТАМАСЫ (сегізінші шақырылым) Қостанай қаласы 2026 жылғы 5 қазан Төрағалық еткен:О.К. Байгабулов – Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы. Қатысқандар:Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары (тізімі қоса беріліп отыр). Шақырылғандар:мемлекеттік мекемелердің басшылары – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тізімі қоса беріліп отыр). Күн тәртібі: Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Ақпарат: Наталья Николаевна Турлубекова – «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Дауыс берудің келесі регламенті белгіленді: Сессияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беруді ұйымдастыру мен дауыстарды есептеуді мәслихат төрағасы жүргізеді. Бірауыздан қабылданды. «Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды. Дауыс беру сессия күн тәртібінің әр сұрағы бойынша жеке жүргізілді. (Шешімі қоса беріліп отыр). Мәслихаттың «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай қалалық мәслихатының шешімі бірауыздан қабылданды.(Шешімі қоса беріліп отыр). Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы (сегізінші шақырылымы) Қостанай қ. 2026 жылғы 5 қазан Депутаттар тізімі Байгабулов Омаргали Кабиевич Аймуканов Аралбай Муратович Айтмагамбетова Тоты Абдибековна Алпысов Арман Амиржанович Есмагамбетов Арман Бекмуратович Жабаева Меруерт Елшибековна Жумабаева Гульшат Тогузбаевна Костенюк Надежда Владимировна Кудайкулова Гульвира Жазитовна Сандыбеков Багитбек Назарбекович Тулетаев Ерлан Серикович Усенов Ержан Бауржанович Федяшин Михаил Павлович Юсупова Асия Жумабековна Қатыспағандар: Дандыбаева Гульфия Тулегеновна Исмаилов Арман Оразалиевич – іссапарда Султангабиев Кайрат Айтпаевич Шипилкина Светлана Валерьевна – іссапарда Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы (сегізінші шақырылымы) Қостанай қ. 2026 жылғы 5 қазан Шақырылғандар тізімі Азимжанова Сауле Иркановна – «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Аманкулов Куанышбай Серикович – «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Аскаров Даурен Казизович – «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Ибраев Мереке Набиевич – «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары. Манатова Акбопе Рахымжановна – Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Турлубекова Наталья Николаевна – «Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Қостанай қалалық мәслихаты кезетен тыс сесcиясында қабылданған шешімдер ТІЗІЛІМІ (сегізінші шақырылым) 2026 жылғы 28 қыркүйек
№ 270 – Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы. № 271 – Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып кеткендердің орынына сайлау туралы. № 272 – «Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы» мәслихаттың 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 Қостанай қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қостанай қалалық мәслихаты кезетен тыс сесcиясында қабылданған шешімдер ТІЗІЛІМІ (сегізінші шақырылым) 2026 жылғы 9 қыркүйек
№ 266 – Қостанай қалалық мәслихаты кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы. № 267 – «Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2022 жылғы 22 тамыздағы № 147 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. № 268 – «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 181 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. № 269 – Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.