2026 жылдың 7 қазанында Костенюк Надежданың төрайымдылығымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Күн тәртібінде «Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы »; «Қостанай қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтерді бекіту туралы» және «Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі Қостанай қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін шығып қалғандардың орнына сайлау туралы» мәселелер қаралды.

    « Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бахтияр Жумабеков комиссия мүшелерін Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы хабардар етті , осыған қатысты Қостанай қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін бекіту қажет. Сондай -ақ, осы мәселе бойынша «Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Наталья Мальцева сөз сөйледі.

    «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Даурен Аскаровтың ақпараты бойынша, Қостанай қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған қолданыстағы тариф 2022 жылы бекітілді. Соңғы төрт жыл ішінде экономикалық жағдай жәнетиісінше, осы қызметті көрсету құны айтарлықтай өзгерді.

    Танысуға 2025 жылғы нақты және нормативтік шығындар негізінде орындалған, экология министрінің бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес орындалған жаңа есеп ұсынылды.

    Есепке

    2025 жылғы мәліметтер енгізілген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қызметтердің толық кешенінің жалпы құны шамамен 1 миллиард 335 миллион теңгені құрайды .

    Бұл ретте есептеу әрбір технологиялық операция — жинау және тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жеке жүргізілді .

    Нәтижесінде

    ұсынылатын төлем мыналарды құрайды:

    -

    көпқабатты үйлер секторы үшін -айына бір адамға 663,4 теңге;

    -

    жеке меншік үй секторы үшін -айына бір адамға 791,2 теңге.

    Сондай

    -ақ, комиссияда «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру -құқықтық бөлімінің басшысы Айжан Тлеугалеева сөз сөйлеп, Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша Қостанай қалалық, округтік мүшелерін және шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы ақпарат берді .

    Отырыс

    қорытындысы бойынша комиссия мүшелері бірауыздан шешіммен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясын бекітуге шешімдердің жобаларын енгізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары