Бүгін, 2026 жылғы 9 қазанда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 4

    Сессия жұмысына "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Асқар Дәурен, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Жұмабеков Бақтияр қатысты.
    Күн тәртібіне тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралған үш мәселе енгізілді.
    Бірінші мәселе Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге халық үшін тарифтер бекітілді.
    Күн тәртібінің екінші мәселесі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабына сәйкес және Қостанай қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Қостанай қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету жүргізілді.
    Үшінші мәселе бойынша Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарын және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау бойынша Қостанай қалалық, аудандық сайлау комиссияларының мүшелері 42 адам санында шығып қалғандардың орнына сайланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары