АУДАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ–САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛДАНДЫ

    1 / 15
    АУДАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ–САЯСИ АХУАЛДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛДАНДЫ
    Жетісай ауданында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Нұрғали Асқанбековтың төрағалығымен аудандағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелеріне қатысты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен ҰҚК Жетісай аудандық бөлімшесінің басшысы Абай Өтембаев, аудан прокуроры Мырзахмет Өтегенов, құқық қорғау органдары мен тиісті мекеме басшылары, қала, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
    Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков аудандағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасап, жыл басынан бері атқарылған жұмыс нәтижесімен таныстырды. Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды бақылауда ұстап, дер кезінде тиісті шараларды жүргізуге қатысты ұсыныстарын айтты.
    «Басты ұстаным – халықпен тиімді кері байланыс орнату. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс. Қоғамдық диалог, ашықтық, халықтың мұң-мұқтажына жедел назар аудару – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары.
    Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек» деді облыс прокурорының орынбасары Нұрғали Шекербекұлы.
    Жиын соңында қаралған негізгі мәселелер бойынша тиісті мекемелерге, әкімдерге құқықбұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары