Жезқазғанда жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

    Жезқазғанда алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші сот қаулысымен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

    9 қазан күні сағат 01:01 шамасында Мира және Ғарышкерлер көшелерінің қиылысы маңында полиция қызметкерлері фарасы жанбаған «Mercedes-Benz» автокөлігін тоқтатқан.

    Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысы оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

    Аталған дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотта қаралды. Сот жүргізушіге әкімшілік қамақ пен көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

    Полиция алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салады. Мұндай жағдайда рөлге отырмай, такси немесе қоғамдық көлік қызметін пайдаланған жөн.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары