
Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары-бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қатысты. Күн тәртібінде депутаттардың бірауыздан шешімімен Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер бекітілді, олар тұрақты депутаттық комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралды.






