Б.ҚАЛАБИ КӨШЕСІНДЕ ҚАРҚЫНДЫ РЕКОНСТРУКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    ·
    Б.ҚАЛАБИ КӨШЕСІНДЕ ҚАРҚЫНДЫ РЕКОНСТРУКЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 7,2 шақырымды құрайтын Бектұрсын Қалаби көшесінде реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс қарқынын арнайы бақылап қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы нысан басында сала мамандарымен кездесіп, жұмыс барысын аралады.
    Жалпы жобада қазіргі таңда 2,4 шақырым жолға асфальт төселіп, су бұру науалары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілген. Сондай-ақ, ұзындығы 198 метр болатын көпір құрылысы жалғасуда.
    Жоба толық аяқталғаннан кейін Индустриалды аймақтан шығатын ауыр жүк көліктері мен Балтакөл бағытынан келетін автокөліктердің «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне кедергісіз шығуына мүмкіндік жасалып, қала орталығындағы көлік қозғалысы жеңілдеп, жол кептелісінің алдын алады.
    Аралау барысында Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды, сонымен қатар, ауыз сумен және сарқынды су жүйесімен қамтамасыз етуде мәселенің алдын алуды тапсырды. Сондай-ақ, жұмыс қарқынына кедергі келтірместен, мемлекет меншігіне қайтарылатын нысандар мен тұрғын үйлердің құжаттарын жедел рәсімдеп, заңнамаға сәйкес өтемақы төлемдерін уақытылы қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
    Айта кетейік, реконструкциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Б. Қалаби көшесінің бір бөлігі 5 тамыз сағат 08:00-ден 15 тамыз сағат 08:00-ге дейін толықтай жабылады.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары