БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН XXI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

    БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН XXI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
    Бүгін Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы XXI Халықаралық бокс турнирі басталды.
    Халықаралық додаға Қырғыз Республикасынан және еліміздің бірқатар өңірлерінен 400-ден астам жас спортшы қатысуда. Турнир 27 қыркүйек – 1 қазан аралығында өтеді.
    Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы және Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері мен анасы сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары