
Түркістан қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты насихаттауға бағытталған «Жазғы ашық алаң ойындарының» кезекті жарысы өтті.
Жаңа қала шағын ауданындағы ашық алаңда ұйымдастырылған спорттық шараға 200-ге жуық жасөспірім қатысты.
Қатысушылар секіргішпен секіру, шеңберге доп лақтыру, белтемірге тартылу, кеудені жерден көтеру, футбол және спорттық трендтік би бағыттары бойынша бақ сынады.
Шараның ашылу салтанатында Түркістан қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, спорттық шеберліктерін ортаға салды. Іс-шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.








