Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIII сессиясы өтті

    ·
    Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIII сессиясы өтті

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIII сессиясы өтті

    2026 жылғы 05 тамызда Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIII сессиясы өтті.

    Сессия отырысына қала әкімінің міндетін атқарушы Мұқаш Мақсат Асқарұлы, мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері және мекеме басшылары қатысты.

    Сессияның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

    1)Жаңаөзен қаласының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары басшыларының («Өзен жылу», «Өзенэнергосервис», «Өзенинвест», «QazaqGaz Aimaq» АҚ, «Таза Жаңаөзен») атқарған жұмыстары туралы есептері;

    2) Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1/3 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың құрамын, төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

    3) Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы;

    4) «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы;

    5) Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 06 желтоқсандағы №9/85 «Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Күн тәртібіндегі мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIII сессиясының отырысы Facebook әлеуметтік желісіндегі Жаңаөзен қалалық мәслихатының ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары