VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының қырық төртінші сессиясын шақыру туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

    ШЕШІМ

    18 шілде 2026 жыл № 45 Жаңаөзен қаласы

    VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық

    мәслихатының қырық төртінші сессиясын шақыру туралы

    VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылдың 27 тамыз күні шақырылсын.

    VIII – шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылдың 27 тамыз күні сағат 11:30-да қала әкімдігінің 229 бөлмесінде басталады.

    Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

    1. Жаңаөзен қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі мәслихат депутаттары алдындағы есебі;

    2. Қала және оған қарасты елді мекендердің күзгі-қысқы маусымға дайындығы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы;

    3. «2026 - 2028 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 35/310 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

    4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/103 «Жаңаөзен қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

    Жаңаөзен қалалық

    мәслихатының төрағасы Ғ. Байжанов

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары