
Іс-шараға этносаралық қатынастар саласындағы медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби медиаторлар және Солтүстік Қазақстан облысының сот жүйесінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының №2 сотының судьялары және Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қатысты.
Қатысушылар медиация институтын дамыту мәселелерін, жанжалды жағдайлардың алдын алу мен шешудегі медиаторлардың рөлін, сондай-ақ өзара түсіністікті, сенім мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.
Іс-шара соңында қатысушыларды белсенді қызметі және медиацияны дамытуға және дауларды бейбіт жолмен реттеу мәдениетін нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттарымен марапаттау өтті.







