2025 жылғы 7 тамыз: «Маңғыстауға саяхат» бағдарламасының кезекті шығарылымы Тұзбайырға арналды

    ·
    2025 жылғы 7 тамыз: «Маңғыстауға саяхат» бағдарламасының кезекті шығарылымы Тұзбайырға арналды

    «Маңғыстауға саяхат» бағдарламасының кезекті шығарылымы Батыс Үстіртпен шектесетін бірегей табиғи нысан – Тұзбайыр тұзды көліне арналды.

    Тұзбайыр көлінің ұзындығы шамамен 20–22 шақырымды, ал ені 5–6 шақырымды құрайды. Көлдің Ақтау жотасына қараған бөлігі тік жарқабақтарымен ерекшеленеді. Бұл аумақтағы ең биік қырқалар Қаратөрткіл мен Қаратөбе деп аталады.

    Бағдарламада Тұзбайырдың ерекше табиғаты, геологиялық ерекшеліктері және туристік әлеуеті таныстырылды. Сондай-ақ бұл табиғи нысанға саяхаттауға ең қолайлы кезең ретінде сәуірдің екінші жартысы мен мамыр айлары ұсынылады. Осы уақытта дала көгеріп, ауа райы саяхатқа өте қолайлы болады. Күз мезгілі де өңірді аралау үшін тиімді саналады, ал жаз айларында ауа температурасы +45°C-қа дейін жетуі мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары