Қоқыстан табылған құжаттар құқық бұзушыны көрсетті

    ·
    Қоқыстан табылған құжаттар құқық бұзушыны көрсетті

    3 тамыз күні әлеуметтік желілердің бірінде Ақтөбе қаласының тұрғыны түсірген бейнежазба жарияланды. Онда қала сыртындағы далалық аумаққа қоқыс үйіндісінің төгіліп жатқаны бейнеленген.
    Құрылыс қалдықтарының арасында Ақтөбедегі медициналық мекемелердің біріне тиесілі қызметтік құжаттар, оның ішінде бірнеше есепке алу журналдары бар.
    Жарияланым бойынша полиция қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған медициналық мекеменің жауапты тұлғаларының елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны анықталды. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
    Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыс жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аурухана далаға төгілген қоқысты өз күшімен жинады.
    Полиция департаменті тұрғындар мен ұйымдарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қалдықтарды белгіленген орындарға ғана шығаруға шақырады

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары