
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шалқар ауданы, Ақтоғай ауылдық округінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ауыл тұрғындары, жастар мен еріктілердің қатысуымен Қотыртас ауылынан 2 шақырым жерде орналасқан Жем өзенінің бойындағы бұлақтардың көзі ашылып, айналасы қоқыстан тазартылды.
Нәтижесінде 3 бұлақтың көзі ашылып, қазіргі таңда ауыл тұрғындарының игілігіне пайдаланылып жатыр. Экологиялық шара табиғатты қорғауға, су көздерін сақтауға және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Табиғатты аялау – әр азаматтың міндеті. Таза бұлақ – тіршілік нәрі, келер ұрпаққа қалдырар асыл мұра. Осындай игі іске белсенді қатысқан барлық тұрғындарға алғыс білдіреміз!
Туған жеріміздің табиғатын бірге қорғайық!
#ТазаҚазақстан #МөлдірБұлақ #ТазаАуыл #Экология









