ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

    Бүгін Шалқар ауданы әкімдігінде Қаржы саласы қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті.

    Жиында аудан әкімі Қайрат Ақшолақ сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, бюджеттік жоспарлау мен қаржы тәртібін қамтамасыз етудегі еңбегін атап өтті.

    «Қаржы саласы – мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Бюджет қаражатын тиімді жоспарлау, оның мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты сақтау – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осы бағытта атқарып жүрген еңбектеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін», – деді аудан әкімі.

    Салтанатты жиын барысында қаржы саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкер Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың, облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Жиын соңында аудан басшысы сала қызметкерлеріне кәсіби табыс, отбасыларына амандық және жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шалқар ауданы әкімдігі" жаңалықтары