Шалқар-Имантау көлдеріндегі қауіпсіздік: әкімдік қандай жұмыстар атқарып жатыр?

    Шалқар-Имантау көлдеріндегі қауіпсіздік: әкімдік қандай жұмыстар атқарып жатыр?

    Солтүстік Қазақстан облысындағы Шалқар-Имантау көлдерінде туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл ретте судағы қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға және медициналық көмектің қолжетімділігіне басымдық берілген.

    Жағалау аумақтарында құтқару мұнаралары, қалқыма белгілер мен пирстер орнатылып, құтқарушылар мен жүзу құралдарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейдтер тұрақты түрде өткізіледі.

    Курортты аумаққа күн сайын жергілікті атқарушы органдардың, полиция мен туристік полиция өкілдері мониторинг жүргізеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары пайдаланылады, жаппай демалыс орындары тәулік бойы бақылауда. Сонымен қатар Шалқар-Имантау көлдерінің жағалауында туристік полицияның екі модульдік бекетінің құрылысы жалғасып жатыр.

    Демалушыларға медициналық көмек жақын маңдағы елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттер арқылы көрсетіледі. Барлық құтқару бекеті алғашқы медициналық көмек қобдишаларымен жабдықталған, қызметкерлер алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша оқытылған. Қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдемді дереу шақыру мүмкіндігі қарастырылған.

    Атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштер туралы толығырақ инфографикадан таныса аласыз.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" жаңалықтары