2026–2027 оқу жылындағы мектеп демалысының күнтізбесі бекітілді

    2026–2027 оқу жылындағы мектеп демалысының күнтізбесі бекітілді

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы мектеп демалысының күнтізбесін бекітті.

    Бекітілген күнтізбеге сәйкес жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

    Оқу тоқсандары мен каникулдардың ұзақтығы:

    • I тоқсан – 8 оқу аптасы.
      Күзгі каникул: 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін (қоса алғанда) – 7 күнтізбелік күн.
    • II тоқсан – 8 оқу аптасы.
      Қысқы каникул: 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда) – 14 күнтізбелік күн.
      1-сынып оқушылары үшін ұзақтығы 7 күнтізбелік күн болатын қосымша қысқы каникул 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында (қоса алғанда) өткізіледі.
    • III тоқсан – 10 оқу аптасы.
      Көктемгі каникул: 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығында (қоса алғанда) – 7 күнтізбелік күн.
    • IV тоқсан – 8 оқу аптасы және 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

    Бекітілген күнтізбе білім беру ұйымдарына, педагогтерге, оқушылар мен ата-аналарға оқу үдерісін, қорытынды аттестаттауға дайындықты және демалыс кезеңдерін алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Успен ауданының білім бөлімі оқушылар мен олардың ата-аналарына мектеп каникулдарының кестесімен алдын ала танысып, отбасылық демалыс пен қосымша білім беру іс-шараларын жоспарлау барысында оны ескеруді ұсынады.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары