Успен ауданында «Жас экорепортер» аудандық байқауы өтті

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Успен ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Жас экорепортер» аудандық байқауы өтті.

    Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған білім алушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау.

    Байқау қорытындысы бойынша ауданның білім беру ұйымдарының оқушылары түрлі тақырыптық бағыттар бойынша жүлделі орындарға ие болды.

    «Елім мен туған жерімдегі табиғатты қорғау: мәселелер мен шешу жолдары»

    I орын — Пудич Екатерина және Функ Илья, А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары.
    Жетекшісі — Қайыртас А.А.

    II орын — Асембек Назерке, Константинов жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
    Жетекшісі — Мадениетова А.А.

    II орын — Әбдіқадір Жанбота, Белоусов жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
    Жетекшісі — Табулдыкова Д.А.

    III орын — Жураковская Софья, Қозыкеткен жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
    Жетекшісі — Кудайбергенова З.Д.

    III орын — Жүрсін Ербол және Еркінбай Әдина, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары.
    Жетекшісі — Кумпекеева Б.

    «Жасыл аймақтардың табиғат пен адам өміріндегі маңызы»

    II орын — Ибраева Аружан және Абдуваситова Мадина, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары.
    Жетекшісі — Кумпекеева Б.

    «Экологиялық қауіпсіздік – адам мен қоғам денсаулығының негізі»

    II орын — Тойкен Тамила, Қозыкеткен жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
    Жетекшісі — Кудайбергенова З.Д.

    Байқау оқушылардың экологиялық мәселелер мен табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне арналған зерттеу және шығармашылық жұмыстарын таныстыруға мүмкіндік беретін алаңға айналды.

    Аудандық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

    Қоршаған ортаны сақтау – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру – жауапты әрі белсенді ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы білім беру басқармасының "Успен ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары