
Сарыағаш ауданында елді мекендердегі жолдардың сапасын жақсарту және көлік қатынасын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі аумағындағы бастау алған аудандық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Мердігер мекемеге жол жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарының орындалу барысын тұрақты бақылау, құрылыс сапасын тексеру және анықталған кемшіліктерді уақытылы жою мақсатында ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Тұрсынбаевқа нақты міндеттер жүктеді.
Аталған нысан бойынша аудандық маңызы бар КХСГ-7 «Дербісек–КХ-49-А-2» автомобиль жолының 4,8 шақырым бөлігін орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігер мекеме ретінде «АЛЕФ-А» ЖШС анықталып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына кірісті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі







