
Астана қаласында «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында Абай облысының «Тұңғыштар мекені – киелі Абай елі» атты креативті көрме-жәрмеңкесі өтуде.
⠀
Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрме-жәрмеңке барысындағы басты жаңалық Семейлік айтыскер ақын Айбек Жеңісқазин мен Жасанды интеллект арасындағы жекпе-жек айтыс болды. Қазақтың қасиетті қара домбырасын қолға алып суырып салып табан астында сөз құраған айтыскер ақынға ЖИ бірден жауап қайтарып жиналған жұртты таңғалдырды.








