
📌 Еңбек жағдайларының ахуалын тұрақты бақылауда ұстау және еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында 124 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 134 заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 104 бұзушылық еңбек қатынастарына, 29 бұзушылық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына, 1 бұзушылық халықты жұмыспен қамту саласына қатысты болды.
Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 72 нұсқама берілді. Сонымен қатар, еңбек заңнамасының талаптарын бұзған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 36 әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылды.
Әкімшілік жауапкершілік шараларының нәтижесінде 7,3 млн теңгеден астам көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 27 әкімшілік айыппұл бойынша 5 млн теңге өндіріліп, қалған айыппұлдарды өндіру жұмыстары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуде.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуын бақылаумен қатар, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытындағы өтініштерді қарау жұмыстарын да тұрақты түрде жүзеге асыруда.
Есепті кезеңде департаментке жеке және заңды тұлғалардан 1381 арыз-шағым келіп түсті. Оның ішінде 914 өтініш қаралып, өтініш иелеріне қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірмелер берілді және заңмен көзделген шаралар қабылданды. Ал 389 арыз-шағым құзыретіне сәйкес басқа мемлекеттік органдарға қарау үшін жолданды.
Азаматтардың өтініштерін қарау барысында еңбек шартын рәсімдеу, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек қатынастарын тоқтату тәртібі, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы және өзге де еңбек құқықтарына қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік еңбек инспекторлары алдағы уақытта да еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтіп, еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу және өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.






