
2026 жылдың 28–30 шілде аралығында Қарағанды қаласында өткен «САРЫАРҚА-2026» XXXVIII жазғы ауыл спартакиадасында Шет ауданының құрамасы жоғары нәтиже көрсетті.
Спартакиадаға 7 аудан қатысып, спортшылар 14 спорт түрі бойынша бақ сынады. Атап айтқанда: қазақ күресі, волейбол, қол күресі, дәстүрлі садақ ату, асық ату (бес асық), көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жазғы президенттік көпсайыс және кір тасын көтеру.
Командалық есепте 180,5 ұпаймен Шет ауданы жеңімпаз атанды.
Жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижелер:
I орын:
* Дәстүрлі садақ ату
* Асық ату (бес асық)
* Үстел теннисі
* Аударыспақ
II орын:
* Волейбол (қыздар)
* Теңге ілу
III орын:
* Қазақ күресі
* Футбол
* Қол күресі
* Жамбы ату
* Көкпар
V орын:
* Волейбол (ұлдар)
* Тоғызқұмалақ
* Жазғы президенттік көпсайыс
* Кір тасын көтеру
Ауданымыздың намысын абыроймен қорғаған барлық жеңімпаздарымызға, жүлдегерлерімізге және қатысушы спортшыларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Әрдайым биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берейік!
@shetaudany
@ishki_sayasat_madeniet_tilder
@shet_shugylasy








