
Бірінші жағдай Көкшетау қаласы Сарыарқа шағын ауданы "Көкше Арена" спорт кешенінің жанында орын алды. Әлеуметтік желілерде көлік жүргізушісі түнгі тыныштықты бұзып, доңғалақтарды орнында (бернаут деп аталады) сырғытқан бейнежазба жарияланды. Куәгерлер құқық бұзушылықты видеоға түсіріп, оны әлеуметті желіге орналастырған. Полицейлер жүргізушінің жеке басын бірден анықтады.
Екінші факт ағымдағы жылдың шілде айының соңында болды, WhatsApp мессенджерінің чаттарының бірінде Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының тұрғындары қоғамдық тәртіп бұзушылық туралы хабарлады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, түнгі уақытта көліктердің белгісіз жүргізушілері елді мекен көшелерімен көлікпен қауіпті жүрулер ұйымдастырып, тыныштықты бұзып, тұрғындарға қауіп төндірген.
Талапкер ауылының №18 ПУП учаскелік полиция аға инспекторы полиция майоры Абылайхан Кикимовтың айтуынша, полиция қызметкерлері мессенджерлердің жалпы чаттары арқылы халықпен үнемі байланыста болады.
"Мен әкімшілік учаскемнің барлық чаттарында бармын және оларды күнделікті бақылап отырамын. Мұндай қарым - қатынас форматы азаматтар үшін өте ыңғайлы, полицияға әрдайым қоңырау шалу қажет бола бермейді, мәселе туралы чатта хабарлау жеткілікті, біз жедел әрекет етеміз", - деп атап өтті полиция майоры.
Ақпарат келіп түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу іс-шаралар кешенін өткізді: бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеді, куәгерлерден сұрақтарға жауап алып, алынған мәліметтерді тексерді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW автокөліктерінің екі жүргізушісі анықталды. Олардың бірі Қажымұқан ауылының тұрғыны, екіншісі көрші Арайлы ауылынан қонаққа келген.
Құқық бұзушылықтар үшін үш жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау және азаматтардың тыныштығын құрметтеу жол қозғалысының әрбір қатысушысының міндеті екенін еске салады. Тұрғындардың мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі хабарламалары құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдауға көмектеседі.









