VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XLIII сессиясы өтті

    VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс XLIII сессиясы өтті

    Бүгін VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихатының кезектен тыс XLIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары Темірхан Айдарханұлы Айдарханов пен Алмас Ұланұлы Алмас, Қоғамдық кеңестің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралының өкілдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде Приозерск қаласының 70 жылдығына орай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Приозерск қаласының Құрметті азаматы» атағын беру, сондай-ақ Приозерск қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оны алушылар санаттарының тізбесін бекіту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Приозерск қаласы әкімдігі жанындағы бірқатар салалық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды бастамаларды ортаға салды. Отырыс қорытындысында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Приозерск қалалық мәслихатының аппараты" жаңалықтары