Республика күні

    Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

    Сіздерді қалалық мәслихатының атынан еліміздің әр азаматы үшін маңызды күн – Республика күнімен құттықтаймыз!
    Бұл мереке Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің, әр адамның өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігінің символына айналды.
    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – қарқынды дамып және өркендеп келе жатқан мықты мемлекет!
    Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
    Баршаңызды алда келе жатқан ұлық мереке — Республика күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз!

    Ізгі тілекпен,
    Приозерск қалалық мәслихаты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Приозерск қалалық мәслихатының аппараты" жаңалықтары